«Қазақтың текті қыраны» дөңгелек үстелі

5 мамыр күні облыстық кітапханада  Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл, Ұлы Отан соғысының даңқты ардагері, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал майоры Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Қазақтың текті қыраны» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шара қонақтары: 99225 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник  Малгождаров Мұрат Оразбайұлы, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Павлодар облысы бойынша Департаментінің тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері капитан Талғат Халиуллаевич Каленов, Павлодар облысы бойынша Қорғаныс ісі Департаментінің тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар бөлімінің орынбасары подполковник Жағыпаров Тимур Сапарғалиұлы, Полиция ардагері, подполковник, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың Құрметті оқырманы Джамбулатов Нұрлыбек Темірбекұлы, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ардагері Баяндин Еркен, Павлодар облысына танымал жыршы Даниял Сабырұлы Әсенов,  Чернобыль ардагерлерінің атынан - Сабитов Мұрат Батұлы, Пшенбаев Бекболат Нығманұлы, Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлерінің атынан - Исханов Серік Бекенұлы,  Садвакасов Қаратай Аманжолұлы, Әскери теңізшілер ардагері Байкулов Арнур Мәдениетұлы, Ардагерлер ұйымының мүшелері болды.

Іс-шараға 99225 әскери бөлім сарбаздары, 5512/әскери бөлім сарбаздары, шекара әскери бөлімі, Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері,  студенттер, оқырмандар қатысты.

Қатысушыларға «Қарулы Күштер - ел қорғаны», Соғыс күндері мен жаңғыру жылдары», «Қазақтың текті қыраны» атты кітап көрмелері ұсынылды.