«PRO Павлодар» подкаст-арнасы

С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана - өлкетану бағытындағы жаңа жоба «PRO Павлодар» атты подкаст-арнасын іске қосты.

Павлодар облысы туралы ең қызықты деректер - әсіресе өңірдің тарихы, мәдениеті, танымал тұлғалары мен қайталанбас жерлері, аңыздары мен тарихи шындық, барлығын кез келген жерде бос уақытыңызда тыңдауға мүмкіндік бар.

Ол үшін сізге тек смартфон, құлаққап және біздің «PRO Павлодар» подкаст- арнамыз қажет.

Арнамыздың алғашқы санында «Павлодар География үйі» қоғамдық бірлестігі директоры Александр Вервекинмен болған сұхбатты ұсынамыз.

Құрметті достар, Павлодар өңірі бойынша тың ақпараттар қызықтырса арнамызға сілтеме бойынша тіркеліңіз!
https://soundcloud.com/user-246093758

Павлодар география үйі туралы подкастты келесі сілтеме бойынша тыңдай аласыздар.

https://soundcloud.com/user-246093758/pavlodarskiy-dom-geografii-aleksandr-vervekin