«Қазына іздеу» квест ойыны

С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығы қызметкерлері қаламыздағы №39 мектептің 2-сынып балаларына арнап «Қазына іздеу» квест – ойынын өткізді. Ойынға қатысқан балалар қарақшы Джекпен бірге қазына іздеді. Ойын барысында балалар қазынаны табу үшін әр түрлі тапсырмаларды (логикалық, іздеу) шешіп, кезең-кезеңімен орындады. Балалақайлар тапқырлық пен зеректік таныта білді. Барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін балалар тәтті тағам түріндегі қазынаны тапты. Балаларға ойын өте ұнады! Қарақшы Джек балаларға қазынаны жылдам тапқаны үшін медальдарды сыйға берді.