«Кітапхана туралы үздік эссе» сайысының қорытындысы

22 сәуірде С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың 125 жылдығы аясында «Кітапхана туралы үздік эссе» конкурсының қорытындысы жасалды.

Конкурс кітапхананы, кітапхана мамандығын танымал ету және мәдениет мекемесі ретінде кітапхананың әлеуметтік маңыздылығын көрсету мақсатымен өткізілді.

Конкурстың міндеті: адам өміріндегі кітапхананың ролін, «адам - кітапхана – оқырман» қарым - қатынас жүйесінде оның орнын көрсету.

Конкурста 15 жастан 25 жасқа дейінгі категориясына - Торайғыров университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетінің 2 курс студенті Ләйлә Кірісханқызы жеңімпаз атанды, және осы категорияда арнайы «Кәсіби достық» номинациясымен Орал қаласының жоғары агро – техникалық колледжінің кітапханашысы Оразаева Лариса Бауыржанқызы марапатталды.

26 жастан және одан жоғары жас категориясында - кітапхана оқырманы, зейнеткер Баюшева Людмила Федоровна жеңімпаз атанды, осы категорияда арнайы «Кітапқа жанымен берілу» («За преданность к книге») номинациясына Николаева Зинаида Петровна ие болды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді. Қазылар алқасы ең жоғары баға берген конкурстық жұмыстар кітапхана сайтында, әлеуметтік желілерде және көпшілік бұқаралық - ақпараттық құралдарда жарияланады.

Осы конкурсты қолдап, оған қатысқан барлық оқырмандарымызға үлкен ризашылық білдіреміз. Сіздердің жеңістеріңіз әлі алда. Назарларыңызға Қазылар алқасы  ең жоғары баға берген конкурстық жұмыстар ұсынылады.

Лайла Кірісханқызы

Оразаева Лариса Бауыржанқызы

Баюшева Людмила Федоровна

Николаева Зинаида Петровна