«Әлем зағип жандардың көзімен» дәрісі

14 қазан күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада  Халықаралық «Ақ таяқ» күніне арналған  «Әлем зағип жандардың көзімен» атты дәріс өтті. Іс-шараға  жеке кәсіпкер зағип Мадина Абдыгазизова мен  Павлодар педагогикалық университетінің студенттері  қатысты. Дәріс барысында Мадина Абдыгазизова  көз жанарынан айырылғанына қарамастан жеткен жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар «Ақ таяқ» күнінің тарихымен танысып, зағип және нашар көретін жандармен қалай байланысуға  болатыны туралы жадынамалар алды.