«Ұлы есім – ел есінде» атты лекция

25 қаңтарда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Қазақ жерінің ұлы ғалымы» (Сәтбаев сабақтары) жобасы аясында «Ұлы есім – ел есінде» атты лекция өтті.

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушысы Қ.Қ.Канафин техникалық қызмет көрсету колледж оқушыларына ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Оқушылар лекцияны үлкен қызығушылықпен тыңдап, викторинаға белсенді қатысты.