«Летописец великих перемен» әдеби кеш

14 қарашада жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған «Летописец великих перемен» атты әдеби сағат өтті. Шараға Павлодар жоғары басқару колледжінің студенттері қатысты. Қатысушылар Бейімбет Майлиннің өмірі және шығармашылығымен танысты, шынайы оқиғалар, архив материалдары және жазушының туыстарының естеліктерінен алынған деректі фильмді тамашалады. Қазақ әдебиеті классигінің шығармалары бойынша әңгіме жүргізілді. Кітапхана қызметкерлері «Жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлин» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.