«Дәуірдің дара жұлдызы» атты әдеби танымдық кездесу

Бүгін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ұлт ұстазы, ағартушы ғалым, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Дәуірдің дара жұлдызы» атты әдеби танымдық кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, тіл жанашыры Бекен Сағындықұлы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қапасова Бақытгүл Қасымбайқызы Ахмет Байтұрсынұлы тек ұстаз, ағартушы ғана емес, ол қоғам және мемлекет қайраткері, реферматор, саясаткер екендігі жайында кеңінен мағлұмат берді.

Келелі жүздесуге Павлодар облыстық сотының өкілдері де арнайы қатысып, ғалымдарға көкейдк жүрген сұрақтарын қойып, емен-жарқын әңгіме құрды. Шара соңында Павлодар қалалық сотының судьясы Асанова Әлия Ерғазықызы баяндамашыларға және кітапхана қорына баспадан енді жарық көрген кітаптарды сыйға тартты.