«Читая Пушкина» атты әдеби сағат

Бүгін облыстық кітапханада «Читая Пушкина» атты әдеби сағат өтті. Ұлы орыс ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің әдеби шығармашылығы мәңгі жасайды. Оның шығармалары әлемнің ондаған тілдеріне аударылған, барлық жастағы, дін, ұлт өкілдерін біріктіреді. Ақынның шығармалары өміршен. Халықтың күнделік тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, табиғат көрінісін бәрін де терең және көркем бейнелеген.

Ұлы ақынның шығармаларын білеміз, есте сақтаймыз және сүйіп оқимыз! №9 мектептің бірінші сынып оқушысы Сағадат Шадияр мен 3 сынып оқушысы Босенко София ақынның өлеңдерін оқып, мерекенің сәніне айналды. Павлодарлық ақындар О. Н. Григорьева, Л. Н.Бевз, Н. Ю. Млынцева ақын туралы өз ойларымен бөлісті.

Іс-шараға Павлодар жоғары Басқару колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандары, поэзия әуесқойлары қатысты.