«История великой души» әдеби сағаты

4 қаңтар күні  С.Баязитов атындағы оқу орталығында Ромен Ролланның өмірі мен шығармашылығы насихаттау  мақсатында арнайы шара өткізілді. Р.Роланның «Жан Кристоф» атты романынан шағын үзінді балаларға ұсынылды. Бұл роман тілге жеңіл, ықшамдап берілген. Музыкаға жаны құмар бүлдіршіннің алғаш рет музыка әлемімен танысқаны, жас композитор атанғаны, тұңғыш рет сахнада өнер көрсеткені қызықты сюжеттер арқылы өріліп ұсынылды. Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырман қауымға арналады.

Шараға №25 мектептің  6 сынып оқушылары мен ұстазы қатысты.