«Сөз және пікір» атты әдеби сағат

2022 жылдың 9 қарашасында С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкері А.К. Тұрсынбаева Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Сөз және пікір» әдеби сағатына қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырған М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы. А.К. Тұрсынбаева баяндамасында жазушының шығармашылығы мен өмірі туралы кітаптар және мақалалар ұсынды.

Сондай-ақ, оқушылар Ғ.Мұстафиннің өмірбаянынан қызықты фактілер білді. С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығымен танысып, бейнеролик көрді. Әдеби сағаттың соңында қатысушылар сұрақтарға жауап берді.