«Қазақ детективінің негізін қалаушы» әдеби кеші

4 қазан күні кітапханада детектив жанрының майталманы, Әлем әдебиетіне үлесін қосқан, қазақ детективіне жол ашқан қаламгер, қаһарман – жауынгер Кемел Тоқаевқа арналған «Қазақ детективінің негізін қалаушы» атты әдеби кеші өтті.

Көрермендер назарына қаламгердің «Солдат соғысқа кетті»,  «Тасқын», «Ерекше тапсырма», «Ұясынан безген құс» детективі сынды шығармаларына ерекше тоқталды. 

Кешіміздің қонағы көрнекті жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы К.Тоқаевтың 100 жылдығына орай студенттер мен педаготар арасында өткен Республикалық «Кемел Қаламгер»  шығармашылық байқауының  «мақала, эссе» жанры бойнша жеңімпазы Қарлығаш Қашқынбай да өз еңбектерімен таныстырды.

Кітапханашы іс – шара соңында оқырмандармен бүгінгі әдеби кеш бойынша ұйымдастырылған викториналық сұрақтармен аяқтады және «Ұрпақтар жадында» кітап көрмесін ұсынды.

Кеш өте қызықты, оқырмандар тарапынан белсенді өтті.