«Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» атты танымдық сағаты

25 қараша күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай №1 арнайы мектеп -интернатының оқушыларына «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» атты танымдық сағатын өткізді. Іс –шараның мақсаты – оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған жердің тарихына қызығушылығын арттыру.

Танымдық сағат барысында кітапханашылар оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері туралы ақпарат беріп , «Тәуелсездіктің 30 жылдығына – 30 кітап» атты бейнешолу көрсетті. Іс –шара барысында балалар викторинаға қатысып, Қазақстан тарихы бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін тексерді.