«Керамическое кружево» атты шеберлік сағаты

Бүгін облыстық кітапханада белгілі мүсіншң, суретші Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің мұғалімі Александра Ловина-Самошкинаның «Керамическое кружево» атты шеберлік сағаты өткізілді. «PavlodART» бейнелеу өнері фестивалі аясында өткен шараға жастар көптеп жиналды. Александра ең әуелі келушілерге жасалынғалы отырған мүсіндік бейненің тарихына тоқталды. Сондай-ақ, болашақ жұмыстың нобайы қалай жасалатынын көрсетіп берді. Шеберлік сыныбының тәжірибелік бөлімінде қатысушылар эскиздер салып, оның негізінде балшықтан шамдар жасады. Балшықпен жұмыс істеу шыдамдылық пен табандылықты қажет етеді, алайда осы өнердің ішіне еніп, қыр-сырын меңгерген жан үшін болашақта керемет мүмкіндіктер ашылады. Сіз үшін бұрын таңсық болған өнер, шынтуайтына келгенде өте оңай болуы мүмкін. Сондықтан әрдайым ізденісте болыңыз, жаңа шыңдарды бағындырыңыз, облыстық кітапханамен бірге болыңыз! Бізде әлі қызықтар таусылмақ емес!