Қалалық скетч бойынша шеберлік сабақ

Бүгін сондай-ақ, суретші және дизайнер Светлана Кравченко да қалалық скетч бойынша келушілерге тегін шеберлік сабағын өткізді. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен шараға қатысушылар көптеп жиналды. Светлана қатысушыларға алдымен эскиз салу техникасының ерекшеліктерін, үйлесімді бейне үшін адам фигурасының пропорциялары туралы ақпарат беріп, өзінің сурет салу техникаларымен бөлісті. Екінші бөлімде теориядан тәжірибеге көшкен жастар барлығы «Остановка «Счастье»» скетч эскизін салды.

Шеберлік сабаққа қатысушыларының бірі Елена: «Маған Светлананың бізге түсіністікпен, сабырлылықпен қарағаны өте ұнады. Өйткені арамызда қылқаламді өмірінде екінші рет ғана ұстап отырғандар да табылды. Жіберген қателерімізге кешіріммен қарап, әрдайым дұрыс жол нұсқап отырды. Маған суретті дымқыл кенепке салғанымыз ұнады - соның негізінде біздің суретіміз әлдеқайда шынайырақ болған секілді. Суретші біздің идеяларымызға, сұрақтарымызға лезде жауап беріп, кері байланыс орнатып отырды. Қарапайым ғана кішкентай бояу дағынан, өщінің жеке оқиғасы бар адам бейнесін салып шықтық. Осындай талантты суретшінің шеберлік сабағына қатысқаныма қуаныштымын!» - деген пікірін білдірді.