Киіз үй жинау шеберлік сабағы

13-ші наурыз күні облыстық кітапханада «ART-STUDIO» атты жобасы аясында көшпенді халықтардың ежелгі және функционалды киіз үйді жинау бойынша «Nomad Time» атты шеберлік сабағы өтті. Шараны «Аламан көрпе», «Тақия Фест», «Көрпе Фест» фестивальдерінің қатысушысы және жеңімпазы Ғалия Сұңғатова өткізді. Шеберлік сабақта қатысушыларға киіз үй тарихын айтып, қанқасын жинау және бекіту бойынша тәжірбие көрсетілді. Оған қоса киіз үйді әсемдеу барысында қолданылатын дизайн элементтерімен де таныстырды. Тәжірибе соңында қатысушылармен бірге киіз үй безендіріліп, «Кәусар бұлақ» ата-әжелер мектебінің мүшелері қамшы өрудің қыр-сырын көрермендерге айтып берді.