Киіз басу бойынша шеберлік сабағы

25 наурыз күні С.Баязитов атындағы  оқу орталығында «Кітапханадағы мерекелер» бағдарламасы аясында киіз басу бойынша шеберлік сабағы өтті. Павлодар педагогикалық университетінің оқытушысы Темірханова Маржан мен студент Абилова Камиланың жетекшілігімен кітапхана оқырмандары киізден көңілді жануарлар - түлкі мен пингвинды жасады.  Үйренген дағдылар болашақта балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.