«Көктем, гүлдер, арулар!» атты шеберлік сағаты

6  наурыз күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының қызметкерлері «Самал» оңалту орталығында Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем, гүлдер, арулар!» атты  шеберлік сағатын өткізді.  Шара барысында кітапханашылар қатысушыларды көктемнің керемет мерекелерінің бірі, сегізінші наурызда тойланатын әйелдер мейрамының тарих деректерімен таныстырды. Сондай-ақ   «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілері өз қолымен сыйға тартатын  құттықтау қағаздарын жасады.