«Менің мамандығым - мұнайшы» кәсіби сағаты

11 наурызда облыстық кітапханада «Менің мамандығым - мұнайшы» атты кәсіби сағат өтті. Іс-шараға Павлодар мұнай-газ колледжінің екінші курс студенттері шақырылды. Олар кітапхананың қызметімен, түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысымен, кітапхананың жобалары және бағдарламаларымен танысты. Академик Қ.И.Сәтпаевтың залында шараға қатысушылар Баянауыл мемориалды музейінің қорынан таныстырылған минералдар мен материалдар коллекциясына ерекше қызығушылық танытты. Кітапхана қызметкерлері экскурсия, кітапхана ақпараттық ресурстарын пайдалану ережелері туралы кітапханалық сабақ өткізді, мамандық бойынша әдебиеттерге шолу жасады.