«Менің мамандығым - менің таңдауым»

19 мамыр күні «Менің мамандығым - менің таңдауым» атты жаңа жоба іске қосылды. Бұл жоба жұмысшы мамандықтардың оң имиджін қалыптастыруға және танымал етуге, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар үшін кәсіптерді таңдауда дұрыс тәсілдің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған.

Аталған жобаның міндеттері - жұмысшы кәсіптердің мәртебесін арттыру мен жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын дамыту. Жобаны іске асыру барысында бейнероликтер, посттар жарияланып, мамандардың мектеп оқушыларымен кездесулері ұйымдастырылады, ондағы басты кейіпкер - Еңбек адамы болады.

Жоба аясында жұмысшы мамандықтар, құбыр илектеу зауытының күйін келтіруші С.Б. Жанысов, алюминий зауытының энергоэлектр цехының бастығы Р.Ш. Мұхамеджанов туралы бейнероликтердің алғашқы жарияланымдары өтті.