«Қылқалам мен қалам» - Қалижан Бекқожинның поэзия әлемі

6 желтоқсан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, драматург және публицист Қ.Бекқожинның туғанына 110 жыл толуына орай С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері №15 ЖОББМ – де жерлес-жазушының шығармашылығы бойынша «Қылқалам мен қалам» сурет сабағын өткізді.

Шара барысында 7-сынып оқушылары Қ. Бекқожинның шығармашылық өмірбаяны, "Ақсақ құлан", "Дудар-ай" поэмаларының шығу тарихы туралы мәліметтер тыңдады. Сонымен қатар қатысушылар «Қ.Бекқожин ескерткішінің ашылуы» туралы бейнебаянды тамашалады. Оқушылар К.Бекқожинның «Степное лето», «Мой город» өлеңдері аясында сурет салды. Жиын соңында қатысушылар «Қызықты кітаптар керуені» көрмесімен танысты.