«Ана-әлемдегі асыл жан» атты поэзиялық концерт

6 наурыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана-әлемдегі асыл жан» атты поэзиялық концерт өтті.

Әйел-сұлулықтың, мейірімділік пен даналықтың, нәзіктіктің бейнесі. Әйел-отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы. Осындай шуақты көктем мерекесіне арналған іс-шараның қадірлі қонақтары «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Сағым жылдар» әжелер тобының әншілері, студенттер, кітапхана оқырмандары болды.

Мерекелік шарада Павлодар облыстық Иса Байзаков атындағы филармония әншісі Әсел Ботаева, Садықов Жангелді ән шырқады, №25 мектептің оқушысыТалғатбек Әдел - қобызда орындады және жас ақындар анаға арналған өлеңдерін оқыса, 5512 әскери бөлімнің сарбаздары мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қонақтарға «Әлемді де тербеткен әйел» атты кітап көрмесі ұсынылды.