«Жаңа қазақ әдебиеті» сериясы

17 қаңтарда «Сериялық кітаптар» жобасы аясында «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясы бойынша әдеби сағат өткізілді. Бұл серия -қазақ әдебиетінің бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған туындыларын жарыққа щығаруды көздейтін бірегей жоба. Ерғали Бақаш «Тылсым түн», Хамит Есеман «Фәни-Құбылыс», Айзада Рахымжанова «Алтын тамыр», Жадыра Байбұланова «Сезім сөздері», Жәнібек  Әлиман «Жұлдызымның жорығы», Думан Рамазан «Жан», Мадина Омарова «Менің қаһарман шөберем» және т.б. жас авторлардың шығармалары таныстырылды.

Іс-шараға қатысқан Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттерінің кітап оқуға деген қызығушылықтары артып,  өздеріне ұнаған  жас ақындардың өлеңдерін оқыды және ойларымен бөлісті.