«Облыстық кітапхананың ақпараттық ресурстары» экскурсиясы

18 ақпанда Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің  студенттеріне «Облыстық кітапхананың ақпараттық ресурстары білім саласында» таныстыру экскурсиясы өткізілді.  Студенттерге Өндірістік әдебиет секторының, әмбебап оқу залының, Абонементтің, Коворкинг-орталықтың, Халықаралық кітап секторының, Сирек кітаптар залының жұмысы туралы ақпарат ұсынылды. Кітапхана қонақтары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әдебиеттерге шолу, ЭК-да әдебиетті іздеу бойынша кітапханалық сабақ тыңдады.