«Облыстық кітапхананың бейресми тарихы»

2021 жыл-Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үшін мерейтойлық жыл.

1896 жылдың 17 мамыры-бұл күн облыстық кітапхананың мерейтойларының жасын анықтау және мерекелеу үшін негіз болды. Дәл осы күннен бастап кітапхана уездік кітапхана деп аталды.

Жыл бойы біздің оқырмандар мен жазылушыларды қызықты жобалар, акциялар мен іс-шаралар күтеді.

Жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап біз достарымызды "Облыстық кітапхананың бейресми тарихы"шынайы тарих жинағының тең авторы болуға шақырамыз.

Ол үшін келесі сұрақтарға еркін түрде жауап бере отырып, өз тарихыңызды жазыңыз. Әңгімеңізге қандайда бір сурет қосып немесе бейнесюжет жазып жіберуіңізге болады. Авторлардың жас ерекшеліктері шектелмеген және жазу тіліне де еркіндік беріледі.

Тарихыңызды өзіңіз туралы әңгімеден бастап, әрі қарай
сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Облыстық кітапханамен алғашқы танысу қандай жағдайда өтті?

2.Оқырманның "өмірбаяны"қай кітаптан басталды? (алғашқы кітап туралы)

3.Бүгін Сізді кітапханамен не байланыстырады?

4.Сіздің ойыңызша, кітапхананың қандай жобалары немесе ресурстары ең сәтті және ерекше. Неліктен?

5.Болашақта кітапхананы қалай елестетесіз?

6.Кітапхана ұжымына сіздің тілектеріңіз бен ұсыныстарыңыз.

Жыл бойы біз сіздің тарихыңызды кітапхана беттерінде әлеуметтік желілерде жариялаймыз, ал жыл соңында олар электронды жинаққа кіреді. Әрбір автор ,бір дананы өзінің "қоржынына" алады.

Тарихыңызды otdel_inform20@mail.ru поштаға жіберіңіз.