Ақмола облысындағы әріптестермен тәжірибе алмасу

13 шілде күні С.Торайғыров атындағы облыстык әмбебап ғылыми кітапханаға М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-нің қызметкерлері: директордың м.а. Қ.Е.Оспанов, ақпараттық-библиография бөлімінің басшысы Г.О.Абдрахманова, ақпараттық-библиография бөлімі өлкетану секторының басшысы Ж.Хажмухан, кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімнің кітапхана қорын цифрлау секторының басшысы А.А. Майер ақпараттық-библиографиялық жұмысының, өлкетану қорын цифрландырудың тәжірибесімен алмасуға келді. Экскурсия барысында кітапхананың өлкетану жұмысымен, электронды ресурстарымен және басқа да бағыттарымен, жобалармен танысты. Сонымен қатар, қазақтың біртуар ақыны М.Шахановтың 80 жылдығына арналған «Поэзия әлемінің дарабозы» атты поэзия кешінде ақын Қуаныш Оспан махаббат туралы дастаннан үзінді оқыды.