«Өлең сөздің зергері – Қадір ақын» атты әдеби кеш

14 қаңтарда облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Қ.Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған «Қазақтың Қадыры» атты республикалық онкүндігі аясында «Өлең сөздің өнері - Қадыр ақын» атты әдеби кеш өтті.

Б.Момышұлы атындағы мектептің 6 «в» сынып оқушылары қазақ әдебиеті классигінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат тыңдап, «Тапырлық таныт» атты викторинасы мен «Қ.Мырза Әлидің өлеңдерін оқимыз» атты әдеби марафонына қатысты. Оқушылар үшін «Біздің мұра: Қазақстан жазушыларының мерейтойлары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кештің соңы әдеби караокемен аяқталды. Оқушылар бірлесе отырып Қ.Мырза Әлидің сөзіне жазылған баршамызға танымал «Атамекен» әнін шырқады. Әдеби марафонның ең белсенді қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.