Онлайн-шеберхана

10 қыркүйек күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ZOOM платформасында «Кітапхана - жергілікті тарихты зерттеу орталығы» халықаралық Ресей-Қазақстан жобасы аясында кезекті онлайн шеберлік-сыныбы өтті. «Өлкетану подкаст-арна. Әзірлеу принципі және контентті толтыру» атты шеберлік-сыныбын өлкетану және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы М. А. Тәженова жүргізді. Барлығы тіркелгені 50 адам – олардың ішінде Павлодар және Новосібір облысының, Ярославль және Астрахань қалаларының көпшілік кітапханалары мен білім беру жүйесінің мамандары, Көкшетау мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының қызметкері, павлодарлық жоғары оқу орындарының ұстаздары болды. Шеберлік-сыныптың сайты әзірленді, онда тақырып таңдаудан бастап толыққанды өлкетану ресурсын құру бойынша барлық жұмыс кезең-кезеңімен жазылған. Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір қатысушы Новосибирск мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасының сертификатына ие болады.