«Күз және кітап» ғажайыптар әлемі

«Кітапхана түні-2023. Күзгі vibe» бағдарламасы аясында «Күз және кітап» ғажайыптар әлемі өтті.

Ойынның ережелері айтылып, қазақ, орыс және шетел авторларының кітаптарының көрмесі ұсынылып, сұрақтар құрастырылды. Қатысушылар әдебиеттен өз білімдерін көрсетіп, бақтарын сынады. Ойын көңілді және еркін жағдайда, достық бәсекелестік жағдайында өтті.

Кеш соңында жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Ғажайыптар әлемі ойынының бас жүлдегері бағалы сыйлыққа ие болды. Қызықты ойынды домбыра мен гитараның сүйемелдеуімен әндер шырқап көңілдендірген оқырманымыз  Евгений Ляхов Ж.Аймауытов атындағы театрға билет ұтып алды.