«Зұлмат жылдар зардабы» кітап көрмесі

30 мамыр күні облыстық кітапханада «Зұлмат жылдар зардабы» атты кітап көрмесі ашылды.

Қазақстанда 1997 жылдан бастап 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі, бұл Қазақстан тарихындағы миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соққан жаппай саяси қуғын-сүргін мен жантүршігерлік ашаршылықтың ең қасіретті беттерінің бірі.

«Зұлмат жылдар зардабы» атты кітап көрмесінде сол кезеңдегі тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбаны болған қайғылы оқиғалар мен деректер көрсетілген. Облыстық кітапхананың қорынан жинақталған деректі материалдар сол жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің қатігез, мағынасыз сипатын түсінуге мүмкіндік береді. Кітап көрменің ерекшелігі биылғы жыл аталып өтілетін елім деп соққан қазақ зиялыларынының мерейтойларына арналған бөлім. Олар:  Ш.Құдайбердіұлы -165 жыл, Х.Досмұхамедов-140 жыл, М.Жұмабаев -130 жыл.

Электроника және коммуникация жоғарғы колледжінің студенттері кітап көрмесімен танысты.