Николай Поляковты еске алу

31 қаңтарда атақты ақын, шығармашыл, жан-жақты, бард Николай Поляковқа арналған «Ах, как хочется жить!» атты еске алу кеші өтті. Оның өлеңдеріне әндер жазылып, «Обучаю игре на гитаре» атты фильм түсірілген.

Кеште «Домовенок» театр шеберханасының оқушылары жерлес ақынның өлеңдерін орындап, оның өлеңдеріне жазылған әндерді павлодарлық бард В.Дирксен, №41 мектептің бард әндер үйірмесінің жетекшісі И.Торопчанина шәкіртімен бірге орындады,

Кеш қонақтары Павел Васильев мұражайының кураторы Т.С.Корешкова, ақын Е.В.Вайберт, бард әндерінің орындаушысы Г.Алиев, ақын И.Приходченко және оны жақыннан білетін басқа да адамдар ақынның өмірі туралы көптеген мәліметтермен бөлісіп, еске алды. Кеште жерлес ақынның өлеңдері оқылып, өлеңдеріне жазылған әндер де шырқалды.

Николай Поляковтың қызы Александра мен Анна облыстық кітапханаға әкесінің өлеңдер жинағынын «Друзьям...» мен «Песни из интернета» атты екі кітабын сыйға тартты.

Іс шараға Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері, оқырмандар қатысты.