«Біздің Президент» атты патриоттық сағат

30 қарашада С.Баязитов атындағы Балалар оқу орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Біздің Президент» атты патриоттық сағат өтті. №5 мектептің 4 «Д» сынып оқушылары Н.Назарбаев туралы әлемдік деңгейдегі көрнекті қайраткер және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымындағы қызметі туралы әңгімені тыңдады. Оқырмандар Қазақстанның тарихи күндері – «Семей полигонының жабылуы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «Жазық даладағы қала – Астана» бойынша бейне саяхат жасады. Сонымен қатар «Қазақстан - бейбітшілік пен келісім елі» викторинасы және «Тәуелсіздік пен Елбасы егіз ұғым» атты кітап көрмесінде ұсынылған кітаптарға шолу жүргізілді. Оқушылар Абай Әмір, Милана Флегмонтова, Әсел Сейтқазина және Әділ Батталов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арнаған өлеңдерін және Қазақстан туралы өлеңдерін оқыды.

Патриоттық сағат кітапхана ғимараты бойынша өткізілген экскурсиямен аяқталды.