«Павлодар экологический» экологиялық лекторийі

28 қараша күні облыстық кітапханада №9 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Жасыл планета» экологиялық лекторийінің отырысы өтті. Ғалым, биология ғылымдарының кандидаты, Павлодар Мемлекеттік Университетінің профессоры А. В. Убаськин қатысушыларды Павлодар қаласының экологиялық жағдайы және проблемаларымен таныстырды. Эколог өнеркәсіптік мекемелердің атмосфера мен су ресурстарының сапасына әсерін, адамның биоалуантүрлілікті сақтаудағы және қоршаған ортаның сапасын қамтамасыз етудегі рөлін айтып өтті. Павлодар облысындағы Экология жылы қарсаңында өткізілетін экологиялық іс-шараларға тоқталып кетті. Кітапхана қызметкерлері қатысушылардың назарына  «Берегите природу!» атты әдебиеттер көрмесін ұсынды.