«Түрік поэзиясы: касыду, газель» поэзиялық слэм

29 наурызда «Кітаппен ғаламшар бойында» жобасы аясында «Түркия поэзиясы» мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, оған №11, 41 орта білім беру мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары шақырылды. Бұл байқаудың басты мақсаты - оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, жастардың көркем әдеби тілде сөйлеуін дамыту, көркем сөзді оқу дағдысын жетілдіру. Байқауға «Дарынды қыз балларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатынан 13 оқушы қатысты. Қатысушылар түрік авторларының өлеңдерін түрік тілінде мәнерлеп оқып, көркем образ жасаудағы көркемдік шеберліктерін көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен: І - орынды Байқоңыр Айдана; II - орынды Қуанышбек Сабина; ІІІ - орынды Хожа Алтын алды. Сондай-ақ, «Үздік шешендік қабілеті үшін» номинациясымен - Ерген Ахерке, «Көрермендер көзайымы» номинациясымен - Түсіпханова Шахиман, «Үздік әртістік қабілеті үшін» номинациясымен - Жұмабаева Адина марапатталды. Қазылар алқасы байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтарын табыс етті.

Іс - шара барысында «Поэзия-тілдің шебері» атты кітап көрмесі ұсынылды.