Нашақорлыққа қарсы шара өтті

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай республикалық айлықтың аясында 13 маусымда облыстық кітапхананың креативті шығармашылық орталығы Павлодар облысы ПД НҚБ-мен бірлесіп, «Повернись лицом к свету» атты шығармашылық таң форматында іс-шара өткізді. Кездесу «Art-Studio» жастар жобасы аясында өтті. Бүгін қатысушылар мен қонақтарға есірткінің зияны және олардың салдары туралы және қорқынышты статистика туралы айтылмады. Керісінше, іс-шара жылы және шығармашылық атмосферада өтті. Қатысушылар үшін интерактивті бағдарлама дайындалды. Кездесудің бірінші бөлімінде «Где логика?» ойыны өткізілсе, кейін кітапхана қонақтары акварельмен сурет салу бойынша шеберлік сабағына қатысты, олар павлодарлық суретші Светлана Кравченконың басшылығымен өз қолдарымен сурет салды.

Қонақтар ойындар мен шеберлік сабағына қызығушылықпен қатысып, сүйікті ақындары мен сүйікті шығармаларын еске алып, өз қолдарымен жарқын, түрлі-түсті суреттер жасады. Кездесу соңында әндер шырқалды, қатысушылардың бірі өз қалауы бойынша ән орындады.

Бұл іс-шара қонақтарымызға жақсы әсер қалдырды және салауатты өмірге оралу жолында тағы бір қадам жасауға көмектесті деп үміттенеміз.