Кітапханашының кәсіби деңгейін арттыру

2 наурызда кәсіби білімін арттыру мақсатында базалық кәсіптік кітапханалық білімі жоқ Облыстық кітапхана кітапханашыларын оқыту өтті.

Оқу залының бөлім басшысы С. Жанкаринова кітап қорымен жұмысты ұйымдастыру, қалыптастыру, орналастыру, пайдалану және сақтау туралы айтып берді. Әрбір кітапхана өз қорын қалыптастырады, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді. Қорды кітапханада сауатты орналастыру - басылымдарды пайдаланудың тиімділігін және олардың барынша сақталуын арттыруға мүмкіндік береді.

Кітапхана қорларын ашудың, үздік құжаттарды насихаттаудың және пайдаланушыларды жаңа түсімдер туралы хабардар етудің дәстүрлі және кең таралған әдістерінің бірі - кітапханаларда көрмелер өткізу болып табылады. Кітап көрмесінің дұрыс дизайнының маңыздылығы, толықтығы және сапалы мазмұнға қойылатын негізгі талаптар, кітаптың мазмұнын мүмкіндігінше жарқын және бейнелі түрде ұсыну туралы, оның құндылығы жайлы негізгі кітап сақтау бөлімінің басшысы М. Гончарова айтып берді.

Әдіскер Т. Алкенова облыстық кітапхана қорынан кәсіби мерзімді басылымның жаңалықтарына библиографиялық шолу жасап, кітапханашыларды «Кітап және Кітапхана», «Современная библиотека», «Кітап патшалығы» кәсіби журналдарында және «Мысль» қоғамдық-саяси журналында жарияланған өзекті тақырыптар мен мақалалармен таныстырды.