«КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ» ТАНЫМДЫҚ САҒАТ

24  қантар күні №7 арнайы мектеп-интернатында «Кітап – білім бұлағы» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шара біздің атақты жерлесіміз, көрнекті  ғалым Қаныш Сәтбаевтың  125 жылдығына арналды.  Қаныш Имантайұлының өмірбаянымен таныстырып,  оқушыларға ғалымның туған жері, ғылыми жетістіктері, Қазақстанның дамуына қосқан үлесі  туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ шараға қатысушылар  қазіргі қоғамда ғылым мен мәдениетті дамыту  үшін  кітап оқудың маңыздылығы  қандай екенін  талқылады.