«Бір ел - бір кітап» атты танымдық сағат

22 ақпан күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының қызметкерлері №7 арнайы мектеп-интернатында «Бір ел - бір кітап» атты танымдық сағатын өткізді. Шара барысында кітапханашылар қатысушыларды 2023 жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акция аясында оқуға ұсынылған танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларымен таныстырды. Сондай-ақ оқушылар қаламгердің Ф. Кафка атындағы халықаралық сыйлығымен марапатталған «Парасат майданы» кітабынан үзінді тыңдады. Кездесу сонында кітапханашылар Төлен Әбдіктің өмірбаяны бойынша викторина өткізді.