«Ертіс өңірінің ұлы есімдері» атты танымдық сағат

28 қыркүйек күні  №1  арнайы мектеп-интернатында  С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың  қызметкерлері  «Ертіс өңірінің ұлы есімдері» атты  танымдық сағат өткізді. Шара барысында кітапханашылар мектеп-интернатының оқушыларына Ертіс өңірінде туған көрнекті  ақын -жазушылар, танымал ғалымдар, ержүрек батырлар туралы айтып, жерлестеріміздің Қазақстан  дамуына қосқан тарихи үлесімен таныстырды. Кездесу соңында оқушылар қызықты тақырыптық тапсырмаларды орындап, жаңа ақпараттармен танысты.