Кітапханашылар күніне арналған «Кітапханалық симфония» атты мерекелік кеш

2023 жылы 19 қазанда С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жыл сайынғы «Кітапхана түні-2023» әлеуметтік – мәдени акциясы аясында Кітапханашы күніне арналған «Кітапханалық симфония» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Амангелдіқызы Құрманова, Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар ісі басқармасының басшысы Тауасқан Медет Алпысбайұлы қатысты.

Кітапханашы - мәртебелі мамандық. Кітапхана дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы.

Мерекелік шараға облыстың 100-ге жуық кітапхана мамандары қатысты. Онда құттықтаулар айтылып, облыстың үздік кітапханашылары Павлодар облысы әкімінің, ҚР Ұлттық кітапханасының (Алматы), Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының медальдарымен, грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.