«Многоцветие культур» мерекелік кеші

27 сәуірде Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында «Буковина» румын-молдаван бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Многоцветие культур» атты мерекелік кеш өтті. 1 мамыр - ұлттық бірлік күні, Қазақстандағы барлық этностардың достығы мен келісім мерекесі. Шарада румын, қазақ және орыс тілдерінде ән шырқаған «Сперанца» ансамблінің өнері көрсетті. Румын-молдаван мәдени орталығының өкілдері көктемгі «Мэрцишор» мерекесіне тоқталды. Румын халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған викторинаға студенттер, кітапхана оқырмандары қатысты.