Кітапханадағы Пурим мерекесі

12 наурызда облыстық кітапханада «Павлодар облыстық «МЕРКАЗ» еврей этномәдени бірлестігі» ҚБ-мен мұнай-газ колледжінің студенттері мен №8 мектеп-лицейінің дарынды оқушылары үшін «Пурим мерекесінің дәстүрлері» атты фольклорлық кеші өтті.

Ежелгі Пурим мейрамы өз атауын парсының «пур» - лот сөзінен алды. Пурим еврей халқының парсылардан ғажайып түрде құтқарылуының құрметіне 2,5 мың жыл бұрын - біздің эрамызға дейінгі 586 жылынан бастап тойланады. Пуримнің негізгі өсиеттері - той және бақыт, бұл костюм киген көңілді шерулер мерекесі.

Қонақтар «Тапуах» жастар студиясының «Пуримшпиль» театрландырылған қойылымын қызығушылықпен тамашалады, «Тейбелах-Голубки» әйелдер вокалдық тобының әндерін тыңдады, викториналар мен командалық ойындарға қатысты.

Мерекенің басты тағамы – «Аман құлағы» – этномәдени орталықтың мүшелерінен барша көрермендерге берілген тәтті салмасы бар үшбұрыш пішінді ашық бәліштер. Кеш еврей жазушыларының әдебиеттеріне кітап шолуымен аяқталды.