«Ұрпақтар кітабы» оқу жобасының тұсаукесері

25 сәуірінде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Железин ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Ұрпақтар кітабы» оқу жобасының тұсаукесер рәсімі өтті. Жобаның мақсаты: отбасы тарихын және әр ұрпақтың әдеби қалауларын зерттеу арқылы оқу құзыреттілігінің негіздерін қалыптастыру және дамыту. Бұл жоба С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Оқуға құштар өңір – 2022» облыстық байқауының жеңімпазы атанған.

Отбасылық оқу - отбасы мүшелерінің рухани байлығын, адамдар арасындағы рухани байланыстың пайда болуы мен нығаюын қамтитын ерекше библиотерапиялық құрал болып келеді. «Кітап ағашын» бірге өсіру арқылы оқырман-балалар ата-аналарымен, ата-әжелерімен бірге көркем әдебиет оқып, кітапқа деген сүйіспеншіліктің артуына ықпал етеді. Бұндай жобалар жасөспірімдердің үлкен оқу сапарының бастамасына себеп болады. Отбасы, балалық шақтың бақытты естеліктері, сүйікті кітаптары - өмірді үйлесімділікке, қуанышқа толтыратын және ақыл-ой күшін нығайтатын нәрсе. Жобаның тұсаукесеріне облыстың көпшілік кітапханаларының кқызметкерлері, мектеп кітапханашылары, мектеп оқушылары, студенттер және оқырмандар қатысты.