Серік Сатыбалдиннің «Шыншыл бала» кітабының тұсаукесері

12 қыркүйекте С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында ақын, аудармашы, балалар әдебиетшісі, танымал қаламгер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Аққулы ауданының Құрметті азаматы, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің  мүшесі Серік Сатыбалдиннің «Шыншыл бала» кітабының тұсаукесері өтті. Автордың «Шыншыл бала» жаңа кітабына соңғы жылдары жазылған өлеңдері, ертегілері, әдеби аудармалары енгізілген.

Павлодарлық ақындар Шолпан Байғалы, Серік Елікбай және шара қонақтары Серік Сатыбалдиннің шығармашылығы жайлы және жаңа кітап туралы жылы лебіздерін білдірді.

«Жазушы атаның жастарға тартуы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Әр жылдар жазбалары», «Аудармалары», «Қасиетті жұрт», «Қоңыр үңгір хикаясы»,  «Қылмыс пен жаза» кітаптары мен өлеңдері және аудармалары қойылды.

Іс – шараға Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің 2 курс студенттері қатысты.