«Анастасия Цветаева. Владимир Ионас. Переписка» кітабының тұсаукесері

15 наурызда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Анастасия Цветаева. Владимир Ионас. Переписка (1972-1988)» кітабының тұсаукесері болып өтті. Анастасия Цветаева - өмірі Павлодармен байланысты болған белгілі жазушы. Владимир Ионас - ғалым, ақын.

Кітап биыл Павлодарда жарық көрді. Оған өлеңдер, философиялық ойлар, әдеби жазбалар, А.Цветаева мен В. Ионастың өмірлік зерттеулері бар хаттар кірді.

Іс – шараға Қазақстан Жазушылар Одағының және Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, Марина Цветаева атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Анастасия Цветаева қоғамдық мұражайының жетекшісі Ольга Григорьева, фотожурналист және аудармашы Татьяна Алексенко және т.б. қатысты. «Связующая век и миг» кітап көрмесі қойылды.

Кездесуге А. Бөкейханов атындағы лицей оқушылары, Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері, кітапхана оқырмандары, апалы-сіңлілі Цветаевалардың шығармашылығын бағалаушылар қатысты.