«Ақсу –кіндік қаным тамған жер» кітабының тұсаукесері

12 желтоқсан күні кітапханада «Ақсу –кіндік қаным тамған жер» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шарада кітапта туындылары жарияланған 7 ақын: Еламан Қабділәшім, Нұрбек Кеңесбай, Алмас Ақтасов, Бибігүл Иванова, Бақберген Дариғаұлы, Нарқұлан Райхан, Марғұлан Жанбау қатысқан болатын. Кітаптың тұсау кесу рәсімі ақын, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Айбек Оралханға бұйырды.

Кітаптың тұсаукесу салтанатына қаламыздың құрметті азаматтары, ақындары, М.Канапьянов атындағы жоғары колледж студенттері мен кітапханамыздың оқырмандары қатысты.

Жақсылықты, ізгілікті өлең-жырлары арқылы сіңіріп, біздерге дем беріп жүрген дарынды жерлес ақындарымызбен шараға келген студенттер еркін түрде сұрақтарын қойып, жақынырақ танысты.