Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Ж.Қоғабайдың «Сақ дәуірімен сабақтас оқиғалы оюлар», «Сәтбаевтар әлемі» жаңа кітаптарының тұсаукесері

11 сәуір күні ғалым-геолог, академик, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жергілікті жазушы Ж.Қоғабайдың «Сәтбаевтар әлемі», «Сақ дәуірімен сабақтас оқиғалы оюлар» жаңа кітаптарының тұсаукесері және SU Түлектер қауымдастығының басшысы, «Сәтбаев Университеті Эндаумент» Жеке Қорының Комитет төрағасы және Қордың бас атқарушы директоры Қоғабай Шынар Жұмағалиқызының және Сәтбаевтардың ұрпағы Райхан Тілеубекқызы Қоғабаеваның «Өрнектерді сөйлеткен шебер» жеке көрмесі ұйымдастырылды.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана және Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі Қ.Сәтбаевтың кітаптары мен  фотоматериалдардың көрме-экспозициясын  көпшіліктің назарына ұсынды.