Шекаралық кездесу

2022 жылғы 19 шілдеде С. Торайғыров атындағы кітапханаға Алтай өлкесі Барнаул қаласынан тарихшы-өлкетанушылар Сергей және Антон Ужакиндер келді. Антон қазіргі уақытта Санкт-Петербург қаласында тұрады. Қонақтар Алтай тарихы бойынша бірнеше авторлық кітаптарды, соның ішінде атақты орыс ғалымы В.В. Сапожниковтың экспедицияларының 2 томдық фотосуреттер жинағын сыйға тартты. Зерттеу жылдары бойында ол Сібірдің оңтүстігі мен Орталық Азияның таулы аймақтарындағы табиғат пен адамдардың 10 000 ақ-қара түсті суреттерін жасаған. Кітап бөлімдерінің бірі Балқаш, Жетісу, Ертіс өңірі тұрғындарының өмірі мен тұрмысының тарихи фотосуреттерін қамтиды.

А.Ужакиннің «Большой Алтай» атты тағы бір кітабы Үлкен Алтай, Қазақ Алтайы, Моңғол Алтайы және Қытай Алтайы туралы әңгімелері бар блоктардан тұрады. Бұл Үлкен Алтайдың тарихы мен қазіргі өмірі туралы шағын энциклопедияның бір түрі. Алғы сөзде айтылғандай «...Үлкен Алтай анықтама бойынша халықаралық ұғым болғандықтан, тақырып таңдау кезінде кітап трансшекаралық немесе халықаралық сипаттағы аймақтық географияның негізгі және ең қызықты аспектілерін қамтыды..., ...негізінен тақырыптар инфрақұрылым, көлік байланыстары, трансшекаралық этникалық және саяси қатынастар мәселелеріне қатысты».

Сергей Ужакиннің «Так и жили. Невероятно правдивые истории из жизни Нагорья» атты шағын кітабы – бұл шағын қалалық әңгімелер.

Осы және басқа да кітаптарды енді С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қорынан табуға болады. Авторлық кітаптар цифрлық форматқа көшіріліп, Павлодар облысының бірңіғай онлайн-каталогына еңгізіледі.