«Олар қаламыздың даңқын асқақтатты» жобасы

30 қазанда С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Облыстық кітапханадағы ОКЖ күндері» жобасы аясында Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі күнінде «Олар қаламыздың даңқын асқақтатты» жобасының тұсаукесері өтті.

Ақсу кітапханашылары бұл жобада әр жылдары қаланың дамуына зор үлес қосқан және көрнекті тұлғалармен, Ақсу қаласы мен Ақсу өңірінің танымал адамдары жайлы айтылды, мысалы: ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлы, Кеңес Одағының батыры Қанаш Қамзин, Социалистік Еңбек ері, педагог Рафика Нұртазина, ақын-майдангер, журналист Илияс Оспанов, тархшы-ғалым, алғашқы профессор Болат Рахметолла және актриса Шолпан Байғабылова.

Тұсаукесер кешіне Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Ансел Кернеева, ақын, Ақсу қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Қаршыға Шаяхметов, ағарту ісінің ардагері Рысты Оканова, ардагерлер кеңесінің төрағасы және Ақсу қаласының Құрметті азаматы Залмұқан Арынов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.

Келушілерге Ақсу қаласы ОКЖ - де өткізілген іс-шаралар бойынша бейнеролик көрсетілді. Ақсу өңіріне арналған «Ақсудың атын асқақтатқандар» өлкетану Web-ресурсымен таныстырды.