«Природа –бесценный дар» жобасы

23 қазанда «Природа –бесценный дар» жобасы аясында биология ғылымдарының докторы, жалпы биология кафедрасының профессоры, Ә. Марғұлан атындағы ППУ оқутышысы Наталия Евгеньевна Тарасовская А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық орта мектебінің оқушыларына «Дәрілік шөптердің білгірлері» атты викторина өткізді.

Оқушылар әркімнің жеке учаскесінде, саябақта, алаңда, орманда өсетін шөптерді дұрыс пайдалану туралы пайдалы ақпарат алды. Дәрілік өсімдіктер мен жинау ережелері туралы білімдерін кеңейтті, табиғаттың өсімдіктер әлеміне деген сүйіспеншілік туралы айтты. Іс-шараға қатысушылар викториналық сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, ынталандыру сыйлықтары ретінде тәтті сыйлықтарға ие болды.